20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/400

343 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақты бекіту туралы 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына және 96-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учакелерінде шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақ бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/400 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учакелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидалары, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік орман қоры учакелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидалары, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақ (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына және 96-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағызба – дің бетінің арнайы әзірленген учаскесі, онда шырын ағызудың бір маусымы ішінде шайыр алу үшін жаңа науалар салып, ағызба жабдығын орнатады; 2) баррас – кеуіп қалған шайыр; 3) сульфитті-спирт тұнбасы – ағаш целлюлозасын сульфитпен қайнату кезінде пайда болатын ағаш-химия өндірісінің қалдығы; 4) сульфитті-ашытқы ашымағы – сульфитті-спирт тұнбасын өндіру кезінде алынатын ашытқы өнеркәсібінің қалдығы; 5) тілік – шайыр алу үшін салынатын ағызбадағы тілік; 6) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар бүлінген кезде бөлінетін қара май тәрізді зат; 7) шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындау жөніндегі әзірлік жұмыстары – қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыстар: қауіпті (ілінген, құрғақ, кеуіп қалған, фито – және энтомозиянкестер нұқсан келтірген) ағаштарды жинау, ағаштардың жанында жұмыс жасау үшін орындарды тазарту, тілік салу үшін кедергі келтіретін бұтақшаларды кесу, сондай-ақ уақытша маңызы бар құрылыстар, кірме жолдар салу, ағаш кесу құқығынсыз мөлдекке шырын ағызуға берілген екпелерді бөлу, сөл ағызу үшін жарамды ағаштарды таңдау, тіліктерді белгілеу, тіліктерді қызарту, тіліктерді сұлбалау, науалар өткізу, тілік жабдықтарын орнату. Сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар ұзақ мерзімді пайдалану туралы шарт пен екпелерді сөл ағызуға беру актісіне қол қойылған сәттен бастап дайындық жұмыстарын жүргізеді. Науа тарту және тілік жабдықтарын орнату сүрек жібігеннен кейінгі көктем мезгілінде ағаш кесу билетін алғаннан кейін жүргізіледі; 8) шайыр мен ағаш шырындарын дайындау жөніндегі негізгі өндірістік жұмыстар – арнайы жарақатты – жаңа тіліктерді тұрақты енгізу, шайырлардың шығу үдеткіштерімен жаңа екпелерді өңдеу, науаларды тазарту арқылы шайырлар мен баррасты кезең-кезеңімен жинау, шайырлар мен баррасты ыдысқа салу және олардың орманда сақталуын ұйымдастыру, орманнан шайырлар мен баррасты тасымалдау, ыдысты өлшеу және таңбалау, шайырлар мен баррасты тұтынушыларға жөнелту; 9) шайыр мен ағаш шырындарын дайындау жөніндегі қорытынды жұмыстар – ағаштардан тілік жабдықтарын алу, оны жөндеу және жинау, ал сөл ағызу мерзімі аяқталған кезде – тілік жабдықтарын жинап, оларды сақтау орнына тасымалдау, уақытша құрылыстарды жинау. Шырын ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар шырын ағызу аяқталатын тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей барлық жұмысты аяқтап, кеспеағашта тілік жабдықтарын жинайды, оның аяқталуы ағаш кесу билетінде және ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында көрсетіледі; 10) шоқ ағаштар – орманның көлемі бір гектарға дейін шағын учаскесі; 11) шырын ағызу – ағаштардың өсуі кезеңінде олардан шайыр, шырын алу үшін олардың діңдердің әдейі бүлдіру. 2. Шайыр дайындау тәртібі 3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр дайындау пісіп-жетілген және жасамыс ағаштарда жүзеге асырылады, олар сөл ағызудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тағайындалады. Пісіп-жетілген және жасамыс ағаштардың жетіспеушілігі кезінде сөл ағызу аяқталған мерзімде кесу жасына жететін пісіп қалған ағаштардың сөлін ағызуға жол беріледі. 4. Таяудағы 10-15 жылда басты мақсатта пайдалану үшін кесу жүргізілмейтін екпелер сөл ағызуға белгіленбейді. 5. Сөл ағызуға: 1) қарағай – құрамында кемінде үш бірлік қарағай бар бонитеттің 1-4-сыныптары; 2) балқарағай – құрамында кемінде төрт бірлік балқарағай бар бонитеттің 1-3-сыныптары; 3) шырша – құрамында кемінде бес бірлік шырша бар бонитеттің 1-3-сыныптары тағайындалады. Сонымен бірге сөл ағызуға майқарағай – құрамында кемінде бес бірлік майқарағай бар бонитеттің 1-3-сыныптары тағайындалады. 6. Сөл ағызу үшін сау ағаштар: 1) елеулі нұқсан келмеген: диаметрі жиырма сантиметр және одан жоғары қарағайлар мен балқарағайлар; диаметрі жиырма төрт сантиметр және одан жоғары шырша ағаштары; диаметрі жиырма төрт сантиметр және одан жоғары самырсын ағаштары; 2) әлсіреген және елеулі нұқсан келген ағаштар кесуге екі жыл қалғанда ғана: диаметрі он алты сантиметрден жиырма сантиметрге дейін қарағай және балқарағай; диаметрі жиырма сантиметр және одан жоғары ағаштар жіберіледі. 7. Сөл ағызуға: 1) орман зиянкестері мен аурулары ошақтарын жойғанға дейін олардағы екпелер; 2) өрттер, зиянкестер, аурулар және басқа да қолайсыз факторлар нұқсан келтірген және әлсіреткен екпелер; 3) ерекше қорғалған орман учаскелері; 4) ағаш тұқымы учаскелері, тұқымдық шоқ ағаштар, тұқымдықтар, артықшылығы бар ағаштар; 5) арнайы сортименттер дайындау үшін іріктелген ағаштар тағайындалмайды. 8. Сөл ағызуға: 1) құрамында кемінде үш түп қарағай бар екпелер; 2) бонитеттің 5-сыныбының қарағай екпелері; 3) өз мақсатын орындаған қарағай тұқымдықтары мен шоқ ағаштар; 4) басқа екпелер арасында орналасқан алаңы үш гектарға дейінгі қарағай екпелерінің шағын учаскелері белгіленеді. Бұл екпелердің шырын ағызу мерзімі оларды кесуге беру мерзіміне байланысты белгіленеді және ол он жылдан аспайды. 9. Шайыр дайындауды жүзеге асырушы орман пайдаланушылар сөл ағызу басталғанға дейін жылдар бойынша бөлу арқылы он жыл кезеңіне арналған сөл ағызу жоспарын жасап, оны орман иеленушімен келісімдейді. 10. Орман иеленушілер ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартқа және ағаш кесу жоспарына сәйкес алдағы сөл ағызу басталатын тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей кесілетін есептік кеспеағаштардың жылдық көлемі шегінде екпелерді сөл ағызуға шығару жоспарының жобасын жасайды. 11. Сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар сөл ағызуға екпелерді шығару жоспарының жобасымен танысады. Шарттың талаптарына ескертулер болған жағдайда орман пайдаланушылар екпелерді тұрған күйінде зерттеп, тиісті жылдың 1 мамырынан кешіктірмей орман иеленушіге өзінің ескертпелерін хабарлайды. Орман иеленушілер сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының ескертпелерін қарап, олар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде қажеттігіне қарай нақтылау­лар енгізеді. Екпелерді сөл ағызуға бөлу жоспарының жобасын орман пайдаланушылармен келіскен­нен кейін ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы он күнтізбелік күн ішінде бекітеді. 12. Екпелерді сөл ағызуға шығарудың бекітілген жоспарына сәйкес орман иеленушілер оларды екпелерді сөл ағызуға беру актісі бойынша сөл ағызуды жүзеге асыратын орман пайдаланушыға беруді сөл ағызу басталу жылының 1 қазанынан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді. Беру актісіне сөл ағызуға берілетін екпелердің планшеттерінен көшірме қоса тіркеледі. Ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман мекемелерінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сөл ағызуда тұрған екпелерді есепке алу кітабы жүргізіледі, онда екпелерді сөл ағызуға беру актісіне сәйкес тиісті жазбалар жасалады. 13. Екпелерді сөл ағызуға бөлу және оларды тұрған күйінде ресімдеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар бөлу және таксациялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі. Мөлдек бағандарында орамның нөмірі, мөлдек нөмірі, мөлдек алаңы, сондай-ақ сөл ағызу басталған және аяқталған жыл көрсетіледі. 14. Жазып берілген ағаш кесу билеті мен ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес кеспеағаштар пайдаланудың барлық мерзімінде сөл ағызуға беріледі және кесуге сөл ағызудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін ғана беріледі. Сөл ағызу жұмыстары ағаш кесу билеті мен ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында көрсетілген белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатылмайды, сондай-ақ кеспеағаштар сөл ағызудан мерзімінен бұрын алып қойылмайды. 15. Екпелерді сөл ағызудан мерзімінен бұрын алып қоюға екпелердің санитариялық жай-күйі күрт нашарлап кеткен немесе өрттердің кесірінен нұқсан келген жағдайларда ғана жол беріледі. Алып қою орман иеленушілер орман патологының және алдағы алып қою жайында үш күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлама жіберілетін сөл ағызуды жүргізіп жатқан орман пайдаланушының қатысуымен жасалған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екпелерді сөл ағызудан алып қою актісі бойынша жүргізіледі. Сөл ағызуды жүргізіп жатқан орман пайдаланушы келмеген жағдайда жасалған акт түпкілікті болып табылады. Бұл ретте жасалған акт қол қойылған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде орман пайдаланушыға жіберіледі. 16. Орман мекемесі бойынша сөл ағызуға жататын екпелердің жалпы алаңы сөл ағызуды жүргізу мерзіміне байланысты жыл сайынғы есептік кеспеағаштардың еселігімен анықталады. Кеспеағашты (мөлдекті) сөл ағызудан шығару мерзімі белгіленген сөл ағызу жылының соңғы жылымен анықталады. 17. Ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартқа сәйкес сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушылар екпелерді сөл ағызуға беру актісіне қол қойған сәттен бастап сөл ағызу үшін шығарылған кеспеағаштарда (мөлдектерде), ал қажет болған жағдайда - олармен аралас жатқан алаңдарда мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді: 1) уақытша құрылыстар салу; 2) шайыр қоймаларын салу; 3) қоймаларға кірме жолдар салу; 4) сөл ағызуға берілген кеспеағаштарды ағаштарды кеспей, литерлерге бөлу; 5) ағаштар жанында жұмыс істеуге орындар тазалау; 6) тілік салуға кедергі келтіретін бұтақшаларды кесу; 7) тіліктерді қызарту. Осы құрылыстарға кірме жолдар төсеу оңаша өсіп тұрған табиғи жаңаруы жақсы екпелерді (шоқ ағаштарды) айналып өтіп жүргізіледі. 18. Науалар жүргізу және тілік жабдықтарын орнату көктем мезгілінде, сүректер жібіген соң ағаш кесу билеттерін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Қабылдағыштар ағаштарға темір шегелермен бекітілмейді. 19. Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде + 10° орташа тәуліктік температурада салынады, үдеткіш +12° жағдайында қолданыла бастайды. Қысқа мерзімді сөл ағызуға берілген екпелерге жаңа тілік сөл ағызудың бірінші жылының барлық кезеңіне бір рет кеуде биіктігінде, діңнің айналысының алпыс пайыз мөлшерінде қолданыстағы желілік жүктемемен жүргізіледі. Сөл ағызудың алдағы жылдарына жаңа тіліктер салу кезінде қоректік жолақтар енінің тұрақтылығы сақталады. Ұзақ мерзімді сөл ағызуға берілген екпелерге жаңа тіліктер тілік салудың әрбір екінші кезегі үшін сөл ағызудың бірінші жылының барлық кезеңіне бір рет кеуде биіктігінде, діңнің айналысының отыз-отыз бес пайыз мөлшерінде қолданыстағы желілік жүктемемен жүргізіледі. Алдағы төрт жылда сөл ағызу қоректік жолақтар енінің тұрақтылығын сақтай отырып, қосымша белгі салмай екі кезектегі сөл ағызудың алғашқы алты жылындағы тіліктердің үстінен тіліктер салудың жетпіс пайыз шегінде қолданыстағы желілік жүктемемен екі тілік салу арқылы жүргізіледі. 20. Әрбір жалпақтық сатысы үшін тіліктердің ені тілікаралық жолақтар басталғанға дейін діңнің айналасы бойынша тіліктердің ұзындығымен анықталады. Тіліктердің ені мен ұзындығын ұлғайтуға жол берілмейді. 21. Қысқа мерзімді (жеті жыл) және ұзартылған (он жыл) сөл ағызуға арналған тілікаралық жолақтардың жалпы ені, әрбір тіліктің ені және ағаштардағы тіліктер саны осы Қағидаларға тиісінше 4 және 5-қосымшаларда көрсетілген. 22. Ұзартылған және қысқа мерзімді сөл ағызу осы Қағидаларға тиісінше 6 және 7-қосымшаларға сәйкес қарағай екпелерінің технологиялық схемасы бойынша жүргізіледі. 23. Тіліктер тілікаралық жолақтардың ені бірдей болатындай етіп діңді айнала орналастырылады. Егер тіліктерді тегіс орналастыру мүмкін болмаса, тілікаралық жолақтың ең төменгі ені он сантиметрден кем болмауы тиіс. 24. Қарағай екпелерінен сөл ағызуды жүргізу кезінде шайыр ағызу үдеткіштері ретінде сульфит-спирт тұнбасы мен сульфит-ашытқысы ғана пайдаланылады. Күкірт қышқылы пайдаланылмайды. 25. Сульфит-спирт тұнбасы мен сульфит-ашытқысы барлық шайыр ағызу мерзімі бойы +12° температурасы кезінде үлес салмағының су ерітіндісі түрінде қолданылады. Шайырды шығару үдеткіштері оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте қолданылады. 26. Химиялық әсері жоқ тіліктердің арасында үзіліс сульфит-спирт тұнбасы мен сульфит-ашытқысын (су ерітіндісін) аптасына екі рет қолдана отырып пайдаланылады. 27. Жаңа тілік қадамының мөлшері, оның тереңдігі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 28. Өз мақсатын орындаған тұқымдықтар, тұқым жолақтары және шоқ ағаштар шайыр ағызу үдеткішін пайдалана отырып, қысқа мерзімді сөл ағызудың (бес-жеті жыл) барлық кезеңінде немесе ұзақ сөл ағызу кезінде соңғы төрт жылда тартылады. 29. Шырша екпелерінде шайыр дайындау сәтінен бастап сөл ағызу ұзақтығы үш жылды құрайды. Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде + 7° орташа тәуліктік температура кезінде жасалады. 30. Шайыр шығару үдеткіші ретінде барлық сөл ағызу кезеңінің ішінде тиісінше 0,25 және 5 пайыздан аспайтын қоспа мөлшерінде азықтық ашытқының экстракты немесе тұнбасы қолданылады. 31. Шырша ағаштарының сөлін ағызу кезінде жаңа тіліктердің көлемі, тереңдігі екі миллиметрден аспауы, науа тереңдігі төрт миллиметрден аспауы тиіс. Тіліктердің қадамы елу миллиметрден аспауы тиіс, тілік бұрышы 40°С. Тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес орындалады. 32. Шыршаның сөлін ағызу үдемелі тәсілмен жүргізіледі, маусымына сексен сантиметр биіктіктен бастап жеті күнтізбелік күннен он төрт күнге дейін жаңа тіліктер салу кезеңі кезінде он екіден аспайтын жаңа тіліктер салынады. Діңнің биіктігі кезінде маусымдағы тіліктердің шығысы елу бес сантиметрден, тілікаралық ойық он сантиметрден аспайды. 33. Шырша екпелерінің сөлін ағызу аяқталғаннан кейін дереу кесуге кіріседі. 34. Балқарағай екпелерінің сөлін ағызу ұзақтығы шайырды дайындаған сәттен бастап бес жыл. Жаңа тіліктер барлық өсу кезеңі бойы әдеттегідей сөл ағызу кезінде кемінде + 10°С орташа тәуліктік температура кезінде салынады. 35. Сөл ағызудың барлық мерзімі бойы үдеткіш ретінде үдеткіштің бір литр жұмыс ерітіндісіне он грамм қайнатылған ас тұзын қоса отырып, тиісінше 0,25 және 5,0 пайыздан аспайтын қоспа мөлшерінде азықтық ашытқының ерітіндісі немесе тұнбасы қолданылады. 36. Балқарағай ағаштарының сөлін ағызу кезінде – жаңа тіліктердің тереңдігі бес миллиметрден аспауы, науа тереңдігі алты миллиметрден, тіліктердің қадамы елу миллиметрден аспайды, тілік бұрышы қырық миллиметр. Ағаштардағы тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес орындалады. 37. Үш жыл бойы сөл ағызу кезіндегі тіліктер әр қабаттың арасы бес сантиметр болатындай екі қабат етіп орналастырылады, жаңа тіліктер екі қабатқа да бір уақытта: үстіңгісіне - үдемелі, ал төменгісіне – бәсеңдеу тәсілімен салынады. Төменгі қабатқа тіліктер бірінші жылы жүз елу сантиметр биіктігінде салынады, жаңа тіліктер салу кезеңі күнтізбелік жиырма бір күннен кем болмайды, ал діңнің жоғарғы қабатын пайдалану әр қабатта жылына жиырма бес сантиметрден аспайды. Бес жыл бойы сөл ағызу кезінде сөл ағызудың барлық кезеңі бойы үдемелі тәсілді қолдану көзделеді. Тілікаралық ойық – бес сантиметр. Тіліктер сексен сантиметр биіктікте (тіліктің төменгі шекарасы) салынады. Жаңа тіліктер салу кезеңі он төрт күнтізбелік күн, сөл ағызу үшін жылдық пайдалану діңнің жоғары бетінен қырық сантиметрден аспайды. 38. Шайыр дайындау сәтінен бастап самырсыннан сөл ағызу ұзақтығы бір жыл. Самырсын шайыры самырсын қабығындағы дөңес жерлерді тесу жолымен дайындалады. Шайыр дайындауды + 16° температурасы кезінде жылы, құрғақ күндері діңнің төменгі және орта бөлігінде жүргізеді. 39. Самырсын шайырын алу үшін дөңестің төменгі бөлігін шайыр жинатын ыдысқа қойылған металл түтіктің үшкір ұшымен теседі, содан соң дөңестен шайырды сығады. Дөңесті тесуді жеңілдету мақсатында ағаштың сыртқы ескі, қатты қабығын пышақпен немесе басқа да үшкір затпен (жонғышпен) жоюға рұқсат етіледі. Қабықты тазалау және дөңесті кесу кезінде шел қабыққа нұқсан келтіруге болмайды. 40. Шайыр дайындау аяқталған сәттен бастап сол екпелерден шайырды қайта дайындау бес жылдан ерте жүргізілмейді. 3. Ағаш сөлдерін дайындау тәртібі 41. Ағаш (қайың) сөлдерін дайындау басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге жататын пісіп-жетілген және жасамыс ағаштар учаскелерінде кесуден бес жылдан ерте жүргізілмейді. 42. Ағаш сөлін дайындауды жүзеге асыратын орман пайдаланушылар жұмыс басталғанға дейін қайың екпелерін кесу жоспарымен байланыстырылатын жылдар бойынша бөлу арқылы пайдалану кезеңіне ағаш сөлін дайындау (қайың екпелерінің сөлін ағызу) жоспарын жасайды. 43. Сөл дайындау (қайыңның сөлін ағызу) орындарын шығаруға дайындық осы Қағидалардың 2-17-тармақтарында көрсетілген жұмыстарға ұқсас жүргізіледі. Қайың екпелерінен сөлін ағызу ағаш кесу билетін алғаннан кейін жүзеге асырылады. 44. Қайың сөлін ағызу үшін бір гектарда кемінде екі жүз түп ағаш саны бар бонитеттің 1-3 сыныптарының сау орман учаскелері іріктеледі. Сөл ағызуға диаметрі кеудеден кемінде жиырма сантиметр биік ағаштар жіберіледі. 45. Сөл ағызуға іріктелген ағаштардың тамыры бөлігінде тамыр мойнынан елу сантиметр биіктікте мынадай мөлшердегі ағаш диаметріне байланысты сөл ағызу саңылауларының орындары белгіленеді: 1) диаметрі жиырма-жиырма алты сантиметрде – 1 саңылау; 2) диаметрі жиырма жеті-отыз төрт сантиметрде – 2 саңылау; 3) диаметрі отыз бес сантиметр және одан жоғары сантиметрде – 3 саңылау. Арналарды бұрғылау алдында қатты қабықтардың бір бөлігін шел қабыққа нұқсан келтірмей жонғышпен немесе балтамен алады. Арналар бірнеше бағытта сөлдің жақсы ағуы үшін сөл ағызу басталғаннан кейін бұрғымен бұрғыланады. Арна диаметрі бір сантиметр, тереңдігі – екі сантиметрге дейін (қабықтың қалыңдығы есептелмейді). Сөл бөлетін ағын үшін науа қойылады, оның астына сөл қабылдағыштар орналастырылады. 46. Сөл ағызу маусымы аяқталғаннан кейін науалар алынады, ал саңылаулар ағаш тығынмен жабылып, ағаштар ауруының алдын алу үшін бақ тұнбасымен, бақ құмымен немесе әк қосылған балшықпен бітеледі. 47. Сөл ағызудың келесі маусымында жаңа саңылаулар ескі саңылаудан жиырма сантиметрден кем болмайтын арақашықтықта бұрғыланады. 48. Қайың сөлін алу үшін қайың екпелерінің жаңа кесілген кеспеағаштарының түбірлері пайдаланылады. 4. Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау тәртібі 49. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өнеркәсіптік қайта өңдеу және халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға нұқсан келтірмейтіндей етіп жүргізіледі. 50. Сыпыру мен өру үшін сыпырғыштар, бұтақтар мен бұталар дайындау тазартуға жататын мемлекеттік орман қоры участкелерінде (орамдық соқпақтар, минералды жолақтар, өртке қарсы үзілімдер, өртке қарсы және орман шаруашылығы жолдарының бойы, өскіндер мен екпелерді сақтау қажет болатын және басқа да алаңдар), сондай-ақ орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу кезінде кесілген ағаштардан жүргізіледі. 51. Кеспеағаштарда дайындалған бұта өнімдері мен қабықтарды жинау өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай отырып, сүйретпе соқпақтар мен жолдар бойында алаңқай жерлерде немесе жас өскіндерден бос ашық кеңістіктерде жүргізіледі. 52. Алдағы екі жылда кесу үшін шығарылатын пісіп-жетілген және жасамыс екпелердегі өсіп тұрған ағаштардан қайыңтоз дайындалады. 53. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қурап қалған және дымқыл ағаштардың қабығын дайындау ағаш кесу билетін алғаннан кейін мемлекеттік орман қорының бүкіл аумағында жүргізіледі. 54. Тамырлар мен түбірлер (қарағай түбірінің шырынын) дайындау жаңарту болымсыз мөлшерде болған жағдайда кеспеағаштар жаппай кесілгеннен кейін жүргізіледі. Осыдан кейін орманды жасанды түрде молықтыру талап етіледі. Іріктеп ағаш кесу кезінде түбірлерді қопарып алынбайды. 55. Жапырақтар мен бүршіктер дайындау кеспеағаштардың кесілген ағаштарынан да, өсіп тұрған ағаштардан да олардың дер кезінде молығуын қамтамасыз ететін ағаш кесу билетінде көзделген көлемде жүргізіледі. Дәрі-дәрмектік мақсаттарда пайдаланылатын өсіп тұрған ағаштардан жапырақтар мен бүршіктер дайындау (жинау) ұзақ мерзімді орман пайдалану туралы шартпен, осы Қағидалармен анықталады және екпелердің жай-күйіне теріс әсер етпеуі тиіс. 5. Сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймақ 56. Сүрекдіңдерден ықтимал сөл ағызу аймағына орман орналастыру материалдарына сәйкес кесіліп жатқан және басты мақсатта пайдалану үшін кесуге бөлінген мемлекеттік орман қорының басты мақсатта пайдаланылатын кеспеағаштар, өсіп-жетілген және толысқан сүрекдіңдер жиынтығы жатады. 57. Мемлекеттік орман қоры аумағындағы қарағайдан, шыршадан, балқарағайдан және самырсыннан ықтимал сөл ағызу аймағы орман орналастыру материалдарына сәйкес кесіліп жатқан және басты мақсатта пайдалану үшін кесуге бөлінген өсіп-жетілген және толысқан сүрекдіңдерде айқындалады. 58. Мемлекеттік орман қоры аумағында сүрек (қайың) сөлдерін дайындау үшін ықтимал сөл ағызу аймағы болып орман орналастыру материалдарына сәйкес кесуге кемінде бес жыл қалған басты мақсатта пайдалану үшін кесуге жататын өсіп-жетілген және толысқан орман учаскелері айқындалады. Өсіп-жетілген және толысқан сүрекдіңдер кемшін болған жағдайда сүрекдіңдерден ықтимал сөл ағызу аймағына орман орналастыру материалдарына сәйкес сөл ағызудың аяқталу мерзіміне кесу жасына жететін толысқан сүрекдіңдер аймағы жатады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 1-қосымша Нысан Екпелерді сөл ағызуға беру актісі 20__жылғы «___»________ ___________________________________________________________ атынан (орман мекемесі мен орман шаруашылығын басқару органының атауы) ________________________________________________________________ (орман мекемесі өкілінің лауазымы, тегі, аты-жөні) сөл ағызу үшін ___________________________________________________ 20__жылғы «___»_______ № ___ шарт негізінде әрекет ететін _________________________________________________________________ (сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өкіліне мынадай екпелерді берді: Орманшылық Орам нөмірі Телім нөмірі Орман қорының санаты Мөлдек нөмірі Алаңы, гектар Орман орналастыру материалдары бойы ншажасы, жыл Екпенің құрамы Сөл ағызу мерзімі Ұзақ мерзімді пайдалануға жатады Ағаш кесу тәсілі Сөл ағызуға жататын ағаш саны Сөл ағызуға жатпайтын ағаш саны Беру шарты Ескерту басталуы аяқталуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Тапсырдым ________________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қабылдадым ______________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 2-қосымша Нысан Сөл ағызып тұрған екпелерді есепке алу кітабы ________________________________________________________________бойынша (орман мекемесі мен орман шаруашылығын басқару органының атауы) ________________________________________________________ _________________________________________________________берілген (сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының атауы) Орманшылық Орам нөмірі Телім нөмірі Орман қорының санаты Мөлдек нөмірі Алаңы, гектар Орман орналастыру материалдары бойынша екпенің жасы, жыл жасы, жыл Орман орналастыру материалдары бойы нша екпенің құрамы Екпе бонитетінің сыныбы Ағаш кесу тәсілі (тұтас, біртіндеп, іріктеп) Сөл ағызуға берілді Акт бойынша ерекше белгілер Акт нөмірі және берілген күні Ағаш кесу билетінің нөмірі және берілген күні сөл ағызу мерзімі, жыл бас-талуы аяқта-луы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 3-қосымша Нысан Екпелерді сөл ағызудан алу актісі 20__жылғы «___»________ _________________________________________________________________ атынан (орман мекемесі мен орман шаруашылығын басқару органының атауы) ________________________________________________________________ (орман мекемесі өкілінің лауазымы, тегі, аты-жөні) сөл ағызу үшін ___________________________________________________ 20__жылғы «___»_______ № ___ шарт негізінде әрекет ететін _____________________________________________________________________ (сөл ағызуды жүргізетін орман пайдаланушының атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өкілінен мынадай екпелерді сөл ағызудан алдым: Орманшылық Орам нөмірі Телім нөмірі Орман қорының санаты Мөлдек нөмірі Алаңы, гектар Орман орналастыру материалдары бойыншажасы, жыл Екпенің құрамы Сөл ағызу мерзімі Ұзақ мерзімді пайдалануға жатады Ағаш кесу тәсілі Сөл ағызуға жататын ағаш саны Сөл ағызуға жат-пайтын ағаш саны Беру шарты Ескерту басталуы аяқталуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Тапсырдым ________________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қабылдадым ______________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 4-қосымша Қысқа мерзімді сөл ағызуға арналған тілікаралық жолақтардың жалпы ені, әрбір тіліктің ені және ағаштардағы тіліктер Кеуде биіктігіндегі тіліктердің қалыңдық сатысы, сантиметрмен Қысқа мерзімді шайыр ағызу (5-7 жыл) жалпы ені, сантиметр Ағаштағы тіліктер-дің саны, дана тілікаралық жолақтар әрбір тіліктер 1 2 3 4 20 25 38 1 24 30 45 1 28 32 56 1 32 44 56 1 36 41 36 2 40 54 36 2 44 50 44 2 48 63 44 2 52 53 55 2 56 66 55 2 60 78 55 2 60-тан астам ағаштың диаметріне тең Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 5-қосымша Ұзартылған сөл ағызуға арналған тілікаралық жолақтардың жалпы ені, әрбір тіліктің ені және ағаштардағы тіліктер Кеуде биіктігіндегі тіліктердің қалыңдық сатысы, сантиметрмен Ұзақ шайыр ағызу - 10 жыл 1 – кезек (1-3 жыл). 30-35 пайыз жүктемемен бір тілікпен шайыр ағызу 2 – кезек (4-6 жыл). 30-35 пайыз жүктемемен бір тілікпен шайыр ағызу Алдағы жылдар (7-10 жылдар). 60-70 % пайыз қолданыстағы жүктемемен екі тілік арқылы шайыр ағызу Жалпы ені, сантиметр Тілікара-лық жолақ, сантиметр тіліктер, санти-метр Тілікара-лық жолақ, сантиметр тіліктер, санти-метр Тілікаралық жолақ, сантиметр тіліктер, сантиметр 20 24 28 32 36 40 44 48 52 56 60 44 53 60 72 77 89 94 106 108 121 134 19 22 28 28 36 36 44 44 55 55 55 25 31 32 44 41 53 50 62 53 66 78 19 22 28 28 36 36 44 44 55 55 55 25 31 32 44 44 53 50 62 53 66 78 19 22 22 28 28 36 44 44 55 55 55 60 жоғары Ағаш диаметрінің жартысына тең Ағаш диаметрінің жартысына тең Ағаш диаметрінің жартысына тең Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 6-қосымша Қарағай екпелерінен ұзақ мерзімді сөл ағызу жолының технологиялық сызбасы Ескерту: ортадағы сандар тіліктің шекарасын, оң және сол жақтағы сандар - сөл ағызу жылдарын білдіреді. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 7-қосымша Қарағай екпелерінен қысқа мерзімді сөл ағызу жолының технологиялық сызбасы Сөл ағызу елу сантиметр биіктікте басталады және барлық кезең бойы үдемелі тіліктермен жүргізіледі. Ескерту: Оң жақтағы сандар тіліктің шекарасын, ортадағы сандар – сөл ағызу жылдарын білдіреді. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 8-қосымша Жаңа тілік қадамының мөлшері, оның тереңдігі Ағызу тәсілі Жаңа тілік қадамы, сантиметр Жаңа тіліктің тереңдігі, сантиметр 1 2 3 Химиялық әсер етпей сульфит-спирт тұнбасы мен сульфит ашытқысын қолдана отырып 1,2-1,5* 1,2-2,0* 0,2-0,6 0,2-0,6 Ескерту: Екінші сандар жас тілік қадамының ең көп мөлшерін білдіреді, оның артуына жол берілмеуі тиіс. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 9-қосымша Тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны 1,3 метр биіктіктегі қабықтың қалыңдық сатысы, сантиметрмен Ағаштағы тіліктер саны, дана Тілікаралық жолақтың жалпы ені ең кемінде, сантиметрмен 1 2 3 20 - - 24 1 40 28 1 45 32 1 50 36 2 55 40 2 65 44 2 70 48 2 75 52 2 80 56 3 85 60 3 95 64 3 100 Ескерту: Тілікаралық жолақтар діңнің сау бөлігіне ғана салынады. Тіліктер діңді айналдыра тең салынады. Тіліктерді тең орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ең тар жолақ он сантиметрден кем болмауы тиіс. Еңісі бар ағаштарда тілікаралық жолақтар еңіс жағына және қарама-қарсы жағдайда ағашта екі тілік болған кезде қалдырылады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларына, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймаққа 10-қосымша Ағаштардағы тілікаралық жолақтың жалпы ені және тіліктердің саны 1,3 м, см биіктіктегі қабықтағы қалыңдық сатысы, сантиметрмен Ағаштағы тіліктер саны, дана Тілікаралық жолақтың жалпы ені ең кемінде, сантиметрмен 1 2 3 20 1 15 24 1 15 28 1 20 32 1 20 36 2 25 40 2 25 44 2 25 48 2 30 52 2 35 56 2 35 60 2 40 64 3 40 Ескерту: Тілікаралық жолақтар діңнің сау бөлігіне ғана салынады. Тіліктер діңді айналдыра тең салынады. Тіліктерді тең орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ең тар жолақ он сантиметрден кем болмауы тиіс. Еңісі бар ағаштарда тілікаралық жолақтар еңіс жағына және қарама-қарсы жағдайда ағашта екі тілік болған кезде қалдырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11282 болып енгізілді.